Су астында қалған үй, моральдық соққы, өтемақы: қарғын су бір отбасыға қалай әсер етті?

Ерлі-зайыпты зейнеткерлер соңғы 40 жылдан бері мұндай су тасқынын көрмеген

Қостанай облысындағы көктемгі су тасқыны өңір тұрғындары үшін төтенше жағдайға айналды. Аулалар, көшелер мен жеке үйлер су астында қалды. Арқалық қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдардың тұрғындары өте қиын жағдайға тап болды. Северный ауылының тұрғындарының бірі Sarbaz.kz тілшісіне көктемгі су тасқынының зардабы жайлы айтты.

Зейнеткер Надежда Макота жұбайымен бірге 41 жылдан бері өздерінің жеке үйінде тұрады. Осы уақыт ішінде олар мұндай ауқымды су тасқыны соңғы рет қашан болғанын естеріне түсіре алмады.

Су тасқыны болу ықтималдылығы барын естіген соң Надежда Александровна 25 наурыз күні түстен кейін сорғыға барғандарын есіне алды. Олар қайтып оралғанда үйлеріндегі кілемнің дымқыл тартқанын байқаған. Содан ауылға ағып келген судың  деңгейі 15-20 сантиметрге дейін деңгейге жеткен. Осылай үш күн бойы тұрған.

«Біз ауылға судың келетінін білдік. Көктем сайын қызыл су бізге аздап келетін. Ол бізге сезілетін. Өйткені біздің үй төменде орналасқан. Келсе де, дәлізден немесе сарайдан әрі аспайтын. Бірақ бұл жолы біз үшін үлкен сынақ болды», - деді Надежда Макота.

Кейіпкерлеріміз сатып алған сорғыны бірден қосқан. Алайда көп уақыт өтпей тасқын судың мөлшері артқанда олардың электр қуаты жетпей қалған.

Надежда Александровна айналасында ешкім тұрмайтынын айтады. Сондықтан да суды соруға көмектесетін ешкім болмаған. Ал ағынды су зейнеткерлердің үйін айналып өтпеген. Ондай көлемдегі суды тоқтатуға олардың қауқары жетпеген.

Үш күн бойы құтқарушылар суды сорумен айналысқан. Алайда қызыл судың беті әлі де қайта қоймаған. Дегенмен әрі қарай зейнеткерлердің өздері де қам-қарекет жасап, өз сорғылармен суды сорып жатыр.


Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Макоталардың үйінің ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды. Су оның бүкіл бұрыш-бұрышына жеткен. Надежда Александровна олардың материалдық үлкен шығынға ұшырағанын айтады. Айтуынша, олар жақында төрт бөлмеге жөндеу жүргізіп, жиһазын жаңартқан.

«Жөндеу жұмыстарын бұрыннан жоспарлап жүріп, енді ғана реті келген еді. Су тасқыны бізді материалдық жағынан шығынға ұшыратты. Бізге келтірілген залалды бағалау үшін бағалаушы келеді деген. Бірақ (8 сәуірдегі жағдай бойынша) ол әлі келмеді», - деді Надежда Макота.

1 сәуірде Надежда Александровна біржолғы төлем алуға өтініш беріпті. Бірақ 153 150 теңге (50 АЕК) сомасы әлі түспеген көрінеді.

Залалды бағалауға зейнеткерлердің үйіне жергілікті әкімдіктің, мәслихаттың және «AMANAT» партиясының бірнеше өкілі барған. Олар материалдық залал міндетті түрде толық көлемде өтеледі деп уәде беріпті.

Алайда зейнеткерлер материалдық жағынан ғана емес, моральдық жағынан зиян шеккен. Надежда Макотаның жұбайы бұған дейін инсульт алған екен. Табиғаттың бұл тосын мінезі оның жүйкесіне кері әсер етіп, жағдайын нашарлатқан. Оның сөйлеуі нашарлай бастаған, қант деңгейі төмендеп, қан қысымы көтерілген. Надежда Александровнаны бәрінен бұрын алаңдататыны да осы.

Макоталар отбасының жағдайы – жылдар бойы жиған мал-мүлкіне, үй-жайына табиғи апаттың зардабын көрген көп отбасының бірі ғана.

Северный кентіндегі осынау зейнеткерлердің алдағы жағдайы туралы, мемлекеттің оларға қалай көмектесетіні Sarbaz.kz порталының бақылаунда болады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59