«Сапалы ауызсу тапшылығы болуы мүмкін»: эколог су тасқынының салдары туралы айтты

Су тасқыны қазірдің өзінде үй және жабайы жануарлар санының азаюына әкелді

Мұндай ірі су тасқынының басты себебі – уақытылы әрекет етіп, алдын алмау. Болжамдарды дұрыс бағалап, климаттық белгілерге жауап беру қашанда маңызды, дейді эколог Айжан Сқақова. ҚР Парламенті Мәжілісінің Қоғамдық палатасының сарапшысы Sarbaz.kz тілшісіне берген сұхбатында су тасқынының экологиялық зардаптарына баға берді.

«Өзен арналарының элементарлы өсуі мен лайлануы байқалады, бұл табиғи арналардың ғана емес, сонымен қатар арық-канал және дренаждық жүйелердің өткізу қабілетінің жеткіліксіздігіне әкеледі. Сондықтан өзен арналары мен көпірлерді қоқыстан тазарту, өзен жағаларын нығайту, қарды уақытылы шығару сияқты дала жұмыстары су тасқынының ауқымын азайтудың маңызды факторы болып саналады», - дейді Айжан Сқақова.

Елдің әртүрлі аймақтарындағы су тасқыны экожүйелердің, оның ішінде өзендердің, көлдердің, жағалаулардың және топырақ жамылғысының ластануына әкелуі мүмкін. Су тасқыны қазірдің өзінде үй және жабайы жануарлар санының азаюына әкелді.

Су тасқынының салдарынан топырақ қатты эрозияға ұшырайды. Суға түрлі қоқыс, химиялық тыңайтқыштар, мұнай өнімдері араласып, егіннің өнімділігі мен ауыз судың сапасына кері әсер етеді. Ауа ылғалдылығының жоғарылауы бронхопульмональды патологияларды күшейтеді, сол сияқты тонзиллит, тұмау, нефрит және басқа аурулар артады.

«Әртүрлі зерттеулер бойынша, топырақтың жағдайы өсірілген өнімнің өнімділігіне үлкен әсер ететінін, алайда оған жиі жете көңіл бөлінбейтінін көрсетті. Ауа райының қолайсыз құбылыстары жиілеп, күшейе түскендіктен, су басқан аумақтардағы эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылау қажет, өйткені қауіпті қорымдар да қауіп көзіне айналуы мүмкін. Біз олардың таралуына жол бермеуіміз керек», - дейді Айжан Сқақова.

Айжан Сқақованың айтуынша, кейбір өңірлерде еріген қар суы қажетті су көзі бола алады. Мысалы, егінді суаруда қолдануға болады.

«Мұндағы мәселе – тиісті саладағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Қазіргі су тасқыны оны одан бетер әшкереледі. Кезінде білім беруде бұл бағытты жіберіп қалдық. Сондықтан гидротехниктерді, суарушыларды – жалпы, сумен бір немесе басқа жолмен байланысы барлардың барлығын сапалы оқыту қажет», – деп түйіндеді сөзін Айжан Сқақова.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39