Қазақстандықтар енді Макаоға визасыз бара алады

Қазақстан мен Қытайдың Макао арнайы әкімшілік аймағы өзара визадан босату туралы келісімге қол қойды

Нұрдәулет Кәкіш

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао арнайы әкімшілік аймағының үкіметі арасындағы ел азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісімге» қол қою рәсімі 9 сәуірде Макао арнайы әкімшілік аймағында өтті. Бұл туралы Макао арнайы әкімшілік аймағының үкіметтік ақпараттық бюросы мәлім етті, деп хабарлады Sarbaz.kz тілшісі.  

Келісімге екі тараптың атынан Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен Қытайдың Макао арнайы әкімшілік аймағының әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің басшысы Чжан Юнчун қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Алмас Сейтақынов та қатысты.

Фото: gcs.gov.mo

Жоғарыда аталған келісім күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасының жарамды төлқұжаттарының иелері Макао аймағына визасыз кіріп, 14 күнге дейін бола алады. Сонымен қатар жарамды Макао арнайы әкімшілік аймағының паспорттары бар Макао тұрғындары да Қазақстан Республикасына визасыз кіре алады және 14 күнге дейін бола алады. Алайда сапар туризм не транзит мақсатында ғана болуы тиіс. Қазақстандықтар Макаоға, Мака азаматтары Қазақстанға оқуға, жұмыс істеуге немесе сол елде тұруға визасыз бара алмайды.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылғы 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы шектеулі визасыз режим енгізіліп, оның аясында азаматтардың 30 күн мерзімге көршілес елге баруына рұқсат берілген болатын. Алайда бұл рұқсаттың Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары – Гонконг пен Макаоға қатысы болмаған.

Қазіргі таңда қазақстандықтар Гонконгқа 14 күнге визасыз бара алады, ал Макаоға бару үшін виза қажет.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

Кеше, 15:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Кеше, 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11