Су тасқыны болған аймақтардан 600 бала сауықтыру орталықтарына жіберілді

Министрлік «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, балалардың сауықтыру орталықтарына тегін жеткізілуін ұйымдастыруда

Оқу-ағарту министрлігі ең көп зардап шеккен аймақтарда тұратын балаларды сауықтыру орталықтарына жіберіп жатыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Соңғы күндері Алматы қаласындағы ұлттық сауықтыру орталығына Батыс Қазақстан облысынан балалар қабылданды. Одан бөлек 80 бала Ақмола облысындағы «Жасдәурен» лагеріне орналастырылды. Жалпы алғашқы лекте 11 сауықтыру орталығына Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан 600 бала қабылданады», - деді Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрлік «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, балалардың сауықтыру орталықтарына тегін жеткізілуін ұйымдастыруда. 

«Балалар сапалы білім алуы үшін қажетті оқу-құралдарымен, тамақтанумен және киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Эвакуациялық пункттердегі балаларды республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлерінің жатақханаларына орналастыру және оқу процесін ұйымдастыру мәселесі шешілуде. Бүгін «Дарын» мамандандырылған мектептері балаларды қабылдауды бастады», - деді вице-министр.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02