Ойыл ауданында жүздеген үйді су басты

49 үй әлі су астында

Вице-премьер Серік Жұманғарин су тасқынынан ең көп зардап шеккен Ақтөбе облысы Ойыл ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ойыл ауданында барлығы 340 үйді су басқан, қазіргі уақытта 49 үй әлі де су астында қалып отыр.

Ең көп зардап шеккен ауыл тұрғындары Ойыл ауылындағы үш эвакуациялық пунктіге орналастырылған.

Вице-премьер эвакуациялық пунктілердің жай-күйін қарап, ондағы адамдардың талап-тілектерін тыңдады. Оларды, ең алдымен, залал келтірілген баспананың қаражатын өтеу тетігі, оны әділ бағалау, өз бетінше үй салу немесе ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі сияқты мәселелер қызықтырды.

Серік Жұманғарин барлық ұсынысты Үкімет деңгейінде қарастыруға уәде берді.

Су тасқыны кезінде толығымен су басқан Екпетал елді мекеніндегі 48 және Жаңабастағы 19 үйдің тұрғындары жаңа үй салынып берсе, Ойыл ауданының орталығына біржола көшуге әзір екендерін жеткізді.

Серік Жұманғарин аудан әкімі Асқар Қазыбаевқа осы және басқа да зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарымен көшудің барлық тетігі және мүмкіндіктерін талқылауды тапсырды.

Сонымен қатар вице-премьер Ойыл өзені арқылы өтетін, бүгінде жарамсыз болып қалған көпірді қарап, сол жерде ҚазжолҒЗИ мамандарымен қалпына келтіру жұмыстарын тез арада бастау мүмкіндіктерін талқылады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БАЙЛАНЫС ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ – ЖҮЙЕСІНІҢ «ЖҮЙКЕСІ»

Бүгін, 07:00
Админ
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00