«Израильдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді»: Вашингтон Тель-Авивке тағы да ескерту жасады

Израильдің әуе шабуылдарынан 33 мыңнан астам адам қаза тапқаны хабарланды

Вашингтон Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Рафахтағы операцияның нақты күні белгіленгені туралы мәлімдемесіне жауап берді. Газа секторының оңтүстігіндегі бұл қала сектордың басқа бөліктерінен қашқан 1,4 млн-нан астам палестиналық үшін пана болды. Тель-Авив Рафах аумағында ХАМАС-тың соңғы базаларының бірі қалғанын айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Америка Құрама Штаттары Рафахқа әскер кіргізудің салдары өте ауыр болатынын айтып, тағы да қарсы шықты.

«Біз Израильге Рафах жеріне шабуыл жасау бейбіт тұрғындарға үлкен қиындық тудыратынын және түптеп келгенде Израильдің өзінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін айттық. Сол себепті Израильдің бізге өз жоспарын көрсетуі басты мақсат емес. Біздің ойымызша, ХАМАС-ты әлсіретіп, жеңуге болатын жақсырақ әдіс бар», - деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Мэтью Миллер.

Бұған дейін Беньямин Нетаньяху израильдік әскерлердің Рафахқа кіру күні белгіленгенін және Тель-Авивтің бейбіт тұрғындарды қалай қорғайтыны туралы жоспары бар екенін айтқан.

Израиль премьер-министрі ХАМАС Израильдің Египет, Қатар және АҚШ өкілдерінің қатысуымен Каирде өткен келіссөздерде талқыланған атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдамаған соң видео үндеу жасады. Үндеудің нақты мазмұны белгісіз, бірақ CNN ақпарат көздерінің хабарлауынша, Вашингтон Тель-Авивке түрмелерден 900 палестиналық тұтқынды босатуды, қозғалыс үшін солтүстікке апаратын жолдарды ашуды және анклавқа жіберілетін гуманитарлық көмек көлемін арттыруды ұсынды. Бұған жауап ретінде ХАМАС келісімнің бірінші кезеңінде кепілге алынған 40 израильдікті босатуы қажет.

ХАМАС-тың бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Израильдің әуе шабуылдарынан 33 мыңнан астам адам қаза тапты, олардың көпшілігі – әйелдер мен балалар. Тірі қалғандар аштыққа ұшырады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
Админ
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22