«Тобыл тасуы мүмкін»: Қазгидромет су тасқыны қай өңірлерде болатынын айтты

Оның айтуынша, Нұра өзені бассейнінің Қарағанды облысымен шекаралас бөлігінде су қоймасынан жіберілген және өзеннің бас жағынан еріген судың жетуіне байланысты өңірде тасқын жалғасады

Тобылдың тасуы Қостанай облысындағы жағдайды ушықтыруы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы Алина Исмагулова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар ол тасқынның кезекті толқыны қай өңірлерде болатынын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz

«Су деңгейінің көтерілуі Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөлігінде жалғасып жатыр.
Сәуір айының екінші онкүндігінде Есіл өзенінің Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралас бөлігінде өзеннің басы мен салаларынан қосымша ағындардың келуіне байланысты тасқынның екінші толқыны күтілуде. Нұра өзені бассейнінің Қарағанды облысымен шекаралас бөлігінде (Целиноград, Қорғалжын аудандары) су қоймасынан жіберілген және өзеннің бас жағынан еріген судың жетуіне байланысты өңірде тасқын жалғасады», - деді Қазгидромет өкілі.

Алина Исмагулова Қостанай облысында Тобылдың деңгейі әлі көтеріле түсуі мүмкін екенін атап өтті.

«Қостанай облысындағы негізгі ылғал көзі саналатын Тобыл өзенінің (Жітіқара, Денисов, Қостанай және Меңдіқара аудандары) және Үй, Аят, Тоғызақ, Обаған сияқты салаларында мұз сөгіліп, су деңгейі көтеріліп жатыр. Су деңгейінің ауытқуы 53 сантиметрден +142 сантиметрге дейін жетеді. Өзеннің шығыс бөлігінде де су көтеріліп отыр. Одан әрі де көтеріле түседі деген болжам бар. Тіпті қауіпті белгіден асып кетуі мүмкін. Бұл су деңгейінің артып, өзеннің жазыққа жайылуына әкеледі. Осылайша Қостанай облысындағы елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарын, өзен жайылуы ықтимал учаскелердегі жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталып тұр», - деді ол.

Қазгидромет маманы Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде 8-10 сәуір күндері жауын-шашын болып, күн жылына түсетінін айтты. 

«Соның әсерінен қар қарқынды еріп, сең жүреді. Су деңгейі күрт көтеріліп, мұз кептеледі, қар суы жазыққа жайылады. Жайылған су автожолдар мен темір жолдарды, тұрғын елді мекендер мен шаруашылық құрылыстарды басуы мүмкін», - деді Алина Исмагулова.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14