«Алгоритм әзірленді»: АШМ су тасқынынан қырылған мал өтемақысы туралы мәлімдеді

Мыңнан аса бас малдың өлекселері өртеліп, жойылды

Еліміздің су басқан аймақтарында мыңнан аса бас мал, соның ішінде 130-дан аса ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлекселері өртеліп, жойылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Олжас Тлебалдин мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі. 

«Су басқан өңірлерде 60 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге көшірілді. Атап айтқанда, Ақмола облысында 18,8 мың бас, Қостанай облысы 12,9 мың бас, Ақтөбе және Атырау облысында 10 мың бастан жоғары, БҚО-да 4,5 мың бас және Қарағанды облысында 1,5 мың бас мал мен үй жануарлары құтқарылды. Жедел ақпаратқа сәйкес, су тасқыны салдарынан республиканың 7 өңірінде 5711 бас мал өлді, оның ішінде 1137 ірі қара және 4051 ұсақ мал бар», - деді Олжас Тлебалдин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің айтуынша, бүгінде шығын болған мал (үй жануарлары) өлікселерін жинау және жою жұмыстары жалғасып жатыр. 

«Ол үшін 90 бірлік техника мен қызметкерлер штаты және өлекселерді жою шаралары үшін қажетті дизенфекциялық заттар қарастырылған. Бүгінгі таңда 1013 бас мал, соның ішінде 133 ірі қара және 809 бас ұсақ мал өлексесі өртеліп, жойылды», - деді спикер. 

Айта кетсек, бүгінде Ауыл шаруашылығы министрі, вице-министрлер және ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы су басқан аймақтарды аралап жүр. 

«Мал иелеріне өтемақы төлеуге қатысты сәйкес алгоритм әзірленді, халыққа және залал анықтау жөніндегі комиссияның назарына жеткізіледі. Жалпы, су тасқынының алдын алу және жою мәселелері, сондай-ақ өңірлердегі эпизоотиялық жағдай министрліктің тұрақты бақылауында», - деді О. Тлебалдин.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

Кеше, 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Кеше, 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11