Мектептерді уақтылы күрделі жөндеуден өткізбеген: лауазымды қызметкерлер жазаланды

Прокуратура заңсыз әрекеттерді анықтады

Павлодарда мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін білім бөлімдерінің басшылары жазаланды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар мен Аққұлы аудандарының білім бөлімдерінің басшылары мектептерді уақтылы күрделі жөндеуден өткізбегені үшін жеткізушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа жүгінді.

Сонымен бірге сотта олар жосықсыз жеткізушілерді жауапкершіліктен босатып, оларға артықшылық бере отырып, бітімгершілік келісімдер жасады.

Бұл үшін білім басқармасының бұйрықтарымен аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Павлодар қалалық соты жазаланған адамдардың талап қоюлары бойынша жұмыс берушінің актілерінің күшін жойды.

Алайда Павлодар қаласының прокуратурасы бұған келіспеді және облыстық сотқа шешімдердің күшін жою туралы өтінішхаттар енгізді.

Апелляциялық сатымен прокурорлардың өтінішхаттары қанағаттандырылды, талап қоюдан бас тарту туралы жаңа шешімдер шығарыла отырып, бірінші сатыдағы сот актілерінің күші жойылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02