Ақтөбе облысында бұзылған бөгетке байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бөгеттің бұзылуынан Ырғыз өзені өз арнасынан шығып кетті

Ақтөбе облысының прокуратурасы Әйтеке би ауданындағы бөгеттің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық істі тіркеді. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында осы жылдың 30 наурызында су тасқыны салдарынан «Щербаковское» бөгеті бұзылды.

Су басу қаупіне байланысты ауданның жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарымен Т.Жүргенов атындағы ауылының тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Барлығы 178 жеке тұрғын-үйлерден 927 адам (оның ішінде 215-і балалар) эвакуацияланып, 78 тұрғын үйді су басып, 10 үй қирады.

«Бөгеттің бұзылуынан Ырғыз өзені өз арнасынан шығып кетті. Электр және газбен жабдықтау желілері зақымдануынан Жүргенов атындағы ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалды.

«Щербаковское» бөгеті «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы» ММ-нің балансына тиесілі.

2023 жылы мемлекеттік сатып алу шарты негізінде, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (тапсырыс беруші) мен «СК Гранд каналы» ӨК (мердігер) арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес, бөгетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Алайда, су тасқынының салдары тапсырыс беруші мен мердігердің тапсырған нысаны өзінің негізгі қызметін атқармай, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделеріне сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы ауылының ұйымдарына елеулі зиян келтірді.

Болған мән-жайларды ескере отырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігімен (салғырттық) қылмыстық істі СДТТБТ-не тіркеу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта, тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру үшін қылмыстық іс, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды.

__Последние новости

  • Тарих және тұлға

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
Админ
  • Басты назарда

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36