Бюджет қаражатын жымқырған: «ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды

Ол 2021-2022 жылдары «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы болған

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Мұратұлы ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.

Асқар Мұратұлы 1976 жылы дүниеге келген. Абай облысының тумасы. Шығыс Қазақстан техникалық университетін (инженер-экономист) және Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін (инженер) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары «Қазақавтожол» РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып қызмет еткен. 2007-2012 жылдары – Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2012-2015 жылдары – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы. 2015-2017 жылдары — Зеренді ауданының әкімі. 2017-2019 жылдары – Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы. 2019-2021 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2021-2022 жылдары – «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19