Қарағанды облысының әкімдігі 27,3 млрд теңгені орынсыз жұмсамақ болған

Прокуратура заңсыз әрекеттерді анықтады

Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы сомасы 27,3 млрд теңгені құрайтын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.

«Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде, су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.

Тағы бір жағдайда, «Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 75,2 млн теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған, бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.

Қабылданған шаралардың арқасында бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып,қайта бөлуге жіберілді.

Бюджет қаражаттарының жұмсалу мәселесі қадағалау органының бақылауында», – делінген ведомство хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02