Бишімбаевтың айтуынша, Нүкенованың өзі бірнеше рет құлап, соққы алған
Экс-министр Қуандық Бишімбаев BAU мейрамханасындағы оқиғаларды өз нұсқасы бойынша айтып берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.
Күндіз басталған Бишімбаев пен Нүкенова арасындағы жанжал мейрамхананың дәретханасында жалғасқан. Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова өзіне берген барлық әшекейлерін дәретханаға түсірген. Ол ішуге кеткееде Нүкенова дәретхананың есігін іштен жауып алған. Біраз уақыттан кейін есікті Салтанаттың өзі ашып, жұбайына тап беріп, жағасына жармасқан. Сол кезде Бишімбаев оны итеріп жіберіпті-мыс. Салтанат құлап, басын дәретханаға қатты ұрып алған-мыс. Содан кейін Бишімбаевтың айтуынша, ол тағы бірнеше рет құлап, басын абайсызда соғып алған.
«Ол көйлегін шешіп, маған лақтырды. Мен шыдамай оны бірнеше рет шапалақпен ұрып жібердім. Ол шалбарын да шешетінін айтып, белдігін тарта бастады. Мен оны белінен ұстап алдым, ол бір орнында тұрмай, қозғала берді. Мен ашуланып тұрып, итеріп жібердім. Оның шалбары босап, өзі дәретханаға қарай құлап түсті. Алдымен қабырғаға соғылды. Дәретханаға бетімен құлады. Өте қатты соққы алды. Содан кейін ол еденге құлады. Ол осы күйінде дәретхананың жанында жатты. Шалбары тізесіне дейін шешулі болды. Қарағанымда ол 15 минут бойы көзін ашып жатты. Содан кейін ол орнынан тұрды. Мен дәретханада сағат тұрғанын көрдім. Ол бәрін суға ағызып жіберген кезде сағаттың, неке жүзігінің, білезіктің ақпай қалғанын көрдім. Мен оған қалғанын ал дедім. Ол алды. Ол тағы бір рет тұрып, қайтадан еденге бетімен құлады», - деді ол.
Бишімбаев оған көмектесуге тырысып, жыртылған киімін шешіп алғанын айтады. Ол кезде оның басында көгерген жерлер болған.
«Бесінші-алтыншы қадамнан соң ол өзі жүре бастады. Мен оның өзі келе жатқанын сезіп, оны жібердім. Ол төрт қадам жасады да, қайтадан құлады. Ол құлаған кезде онысы мастықтан ба, әлде соққыдан ба түсіне алмадым», - деді Бишімбаев.
Бишімбаев одан жедел жәрдем қажет пе деп сұрағанын, бірақ ол жауап бермегенін айтады.
«Мен оны шалқасынан аударып, тіземе басын сүйеп, бәрі дұрыс па деп сұрадым. Егер адам ауырса немесе қиналса, маған ауырып тұрғанын айтып, жедел жәрдем шақыртар еді. Бірақ ол маған үнсіз қарап тұрды. Бір сәтте ол орнынан тұрып, өздігінен нық басып барып, диванға отырды. Ол менімен ойнап тұр ма деп ойладым», - деді Бишімбаев.
Ал Бишімбаевтың сол күні кешке мейрамханадағы бейнекамералардан барлық жазбаларды жоюды бұйырғаны әзірге сұрақ күйінде қалып отыр.