«Іздеп табамыз»: Путин Мәскеудегі терактіні ұйымдастырушылар туралы айтты

Оның айтуынша, жағдайды толық талдау өте объективті болуы керек

Ресей президенті Владимир Путин Крокус Сити Холлдағы терактіге тапсырыс бергендерді іздеп табатынын айтты. Бұл туралы ол ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Rbc.ru-ға сілтеме жасап.

«Қазір сіздер өзге ведомстволардағы әріптестеріңізбен бірге 22 наурызда болған қанды терактіні тергеп жатырсыздар. Біз үшін бұл қылмысты тікелей жасаушыларды ғана емес, сонымен қатар осы қылмыстың тізбегіндегі барлық буынды, түбінде осы қылмыс арқылы пайда көріп отырғандарды анықтау маңызды», - деді Путин.

Путиннің айтуынша, қазір нысанға жауапты барлық құқық қорғау, бақылау және қадағалау ұйымдарының әрекетіне кешенді баға беріліп жатыр.

Жағдайды толық талдау өте объективті болуы керек, өйткені адам көп шоғырланатын орындардағы қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтеру маңызды, деді ол.

«Бұл ортада сенімді агенттер жоқ, олар ақша үшін қалағанын жасайды, ешқандай діни немесе саяси ойларды басшылыққа алмайды, тек ақшаны ғана ойлайды. Бәрін сату оңай, кез келген ақпарат сатып алынады және сатылады. Біз, әрине, түбінде отырғандарды іздеп табамыз», - деп Владимир Путин.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02