Су тасқыны: әскери ұшқыштар барлығы 1851 адамды эвакуациялады

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері халықпен бірге

Көктемгі су тасқыны басталғаннан бері алтыншы күн Қазақстан өңірлерінде армия бөлімшелері жергілікті тұрғындарды құтқаруға, ТЖМ және жергілікті атқарушы биліктің құтқару қызметтеріне көмек көрсетуге жұмылды. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе қорғанысы күштері мен ұшқыштар даярлайтын әскери жоғары оқу орнының экипаждары жаппай су басқан Ақтөбе өңірінің елді мекендері мен қыстақтарынан ауыл тұрғындарын эвакуациялауды жалғастыруда.

Қарағанды облысы Нұра ауданының Нұра, Мыңбаев, Егінді ауылдарында су тасқынына қарсы шараларға «Астана» өңірлік қолбасшылығы 31775, 44803, 55524 әскери бөлімдерінің 144 әскери қызметшісі қосылды. 8 бірлік арнайы автокөлік техникасы бөлінді. Жеке құрам Сұрыптау станциясы маңындағы су қоймасының және Нұра өзеніннің бойында орналасқан ауылдардың айналасына құм салынған қапшықтарды төсеп, үйінді жасап жатыр.

Ақмола облысының Ақкөл қаласында 55209 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 1000 метрге жуық ағын су кәрізін тазартты.

27 наурыздан 1 сәуірге дейін әскери ұшқыштар барлығы 1851 адамды эвакуациялады, оның 557-сі бала, 30 тоннадан аса гуманитарлық жүк жеткізілді.

Одан өзге 17 мыңға жуық қапшық дайындалып, төселді. 200 тонна құм жеткізу үшін  машиналар 97 рейс жасады. 1400 метрге жуық ағын су кәрізі тазартылды.

Су тасқынына қарсы шаралар әлі де жалғасуда. Қарулы күштердің күш-құралдары жергілікті халыққа көмек көрсету жөніндегі міндеттерді орындауға қашанда дайын.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14