Көші-қон заңнамасын бұзған: 800-ден аса шетелдік елден шығарылды

Осыған байланысты лауазымды қызметкерлер жауапқа тартылды

Шымкент қаласының прокуратурасы көші-қон заңнамасын талдау шеңберінде шетел азаматтарының жалған медициналық анықтамалар мен сақтандыру полюстерін ұсыну фактілерін анықтады. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 815 шетелдік азаматқа еңбек қызметіне заңсыз берілген рұқсаттар жойылып, елден шығарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы мен маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

«Бұдан бұрын еңбек қызметін жүзеге асырған 6 мыңнан астам еңбек мигранттарына қатысты осындай бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыда аталған бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында уәкілетті орган «Qr» коды арқылы тексерілгеннен кейін ғана медициналық анықтамаларды қабылдау тәжірибесін енгізді», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19