Қылмыстық топ үйсіз-күйсіз жүргендерге 200 млн теңге несие рәсімдеген

Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 үйсіз-күйсіз жүрген адам анықталды

Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығын айырумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық жеті мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19