Ақтауда лаңкестік жасамақ болған тұрғын ұсталды

Ұсталған азамат бұрын кісі өлтіргені үшін сотталып, радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде тіркелген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура қызметкерлерімен бірге Ақтауда терроризм жасауға дайындалған жергілікті тұрғынды ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікке ілінген азаматтың үйін тексеру барысында қауіп тудыратын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған заттай айғақтар табылған.

«Ұсталған азамат бұрын кісі өлтіргені үшін сотталып, радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде тіркелген. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Әзірге құзырлы орында лаңкестік оқиғасын жасамақ болған Ақтау тұрғынына қатысты ақпараттарды таратқан жоқ. Бұған қатысты қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтыны айтылып отыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14