Ерейментау әкімдігі заңсыз жолмен 75 млн теңгені жұмсамақ болған – прокуратура

Кінәлі лауазымды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралармен 75 млн теңгеден астам сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алудың алдын алды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерейментау аудандық прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізілді.

«Аудан әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, веб-порталда жалпы сомасы 75 млн. теңгеге 5 дана су тарату пункттерін сатып алу жоспары бекітілгені анықталды (бірлігінің орташа бағасы 15 млн.теңгені құрады). Бұл сатып алу заңсыз «бір көзден», яғни бәсекелестік ортадан тыс, тікелей шарт жасасу арқылы жоспарланған.

Сонымен қатар, интернет желісіндегі хабарландырулар мониторингімен тауар бірлігінің орташа бағасы 9,3 млн теңгені құрайтыны анықталды, бұл 5 млн теңгеге арзан (үнемдеу жиынтығы 29 млн теңгені құрайды).

Қадағалау актісімен жоғарыда көрсетілген сатып алудың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Әскери қызметшілер қорытынды тексеруден өтті

Бүгін, 21:40
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19