63 млн теңге жымқырған балабақша директоры мен бас есепшісі сотталды

Сот оларды 7 жылға бас бостандығынан айырды

Павлодарда 63 млн теңге жымқырғаны үшін балабақша директоры мен бас есепшісі сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар қаласының 62 жастағы тұрғыны балабақша директоры лауазымында жұмыс істеп, есепшісімен бірге өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру жолымен ұрлап кеткен.

Директор мен есепші жеті жыл ішінде заңсыз бірнеше штаттық бірліктерді белгілеп және белгіленген бірліктерден тыс қосымша төлемдерді өз пайдасына заңсыз есептеп отырған. Сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аудармалар жасаған.

Осылайша, қаскөйлер мемлекетке жалпы сомасы 63 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірді. Сот оларды ҚР ҚК-нің 189 бабында (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұрынғы балабақша директоры бүгінде Абай облысы ҚАЖД-ға қарасты № 23 мекеменің карантин бөлімшесінде жазасын өтеуді бастады. Мекеме қызметкерлері онымен тәрбиелік-психологиялық сипатта жұмыстар жүргізіп жатыр. Сотталған азамат өз кінәсін мойындады, мемлекет пайдасына және жәбірленушілерге келтірілген борыштың бір бөлігін төледі. Қалған борышты төлеу үшін жазасын өтеу барысында жұмысқа орналасып төлеуге де дайын.

«Ал бұрынғы есепшіге қатысты, сот сотталушының бес жасар қызы бар екенін ескеріп, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын өтеуді кейінге қалдырды», – дейді мекеме бастығының орынбасары Анар Сабиева.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30