Нүкенова қайтыс болған түні оқиғаның қалай болғаны айтылды

Салтанаттың құрбысы 9 қарашада BAU мейрамханасында Салтанат Нүкенованы Қуандық Бишімбаевтың өлтіргені туралы хабарламаны бауырына WhatsApp-тан жіберген

Салтанат Нүкенованың бауыры Айтбек Амангелді 9 қарашадағы түн туралы айтып берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Мен ұйықтап жатқанмын. Ол маған түнгі сағат 00:40-та қоңырау шалды. Менен «ояндың ба?» деп сұрады. Мен «иә» деймін. Ол маған «келемін, Қуандықтан кетемін, одан шаршадым» деді. Мен «жарайды, кел, мен үйдемін» дедім. 20 минуттан кейін, сағат 1:04-те оның қашан келетінін сұрап, мен оған хабарлама жаздым. Ол хабарламаны оқыды. Сағат 2:05-те одан қабылданбаған қоңырау тұр екен, мен қайта қоңырау шалдым, бірақ ол баса салды. Сағат 00:40-та қоңырау шалған кезінде мен геолокацияны тексердім, телефон «Гастроцентрде» болды. Біраз уақыттан кейін, түнгі сағат 2-де «маяк» болған кезде, мен геолокацияны тағы да тексергенімде оның орналасқан жері Talan Towers-тің көрші ғимараты Ritz Carlton қонақ үйінде болды. Ол мені мұңайтқысы келмей, түнеуге сонда кетті деп ойладым»,- деді Амангелді.

Әрі қарай Айтбек Амангелді сол күні түстен кейін болған оқиғалар туралы айтты.

«Таңертең, таңғы 7:46-да бірінші кезекте мен оған хат жазып, «қайдасың?» деп сұрадым. Оның геолокациясы әлі де Talan Towers ғимаратының жанында екенін көрсетті. Мен ол әлі ұйықтап жатқан шығар, кейінірек жауап берер ойладым. Содан кейін мен жұмысқа барып, күні бойы телефонды тексеріп, хабарламаның түскі уақытта оқылғанын көрдім. Кейінірек жауап берер деп үйге кетіп қалдым. Үй жаққа сағат 4-5-терді келдім. Кешкі сағат 8-9-да маған Салтанаттың құрбысы Линара қоңырау шалды. Даусы біртүрлі шығып, ол менен «бұл рас па, жоқ па?» деп сұрай бастады. Мен оның не туралы айтып тұрғанын түсінбедім. Ол маған WhatsApp-қа Қуандық Бишімбаевтың 9 қарашада BAU мейрамханасында Салтанат Нүкенованы өлтіргені туралы хабарлама жіберді. Мен сенбей, оған бұлай болуы мүмкін емес екенін, мұны анықтайтынымды айттым. Бірден Салтанатқа қоңырау шала бастадым, ол жауап бермейді. Геолокация бойынша телефоны Тұранда, үйінде екенін көрсетті. Ол сонда шығар деп сол жаққа қарай шығып кеттім. Жол бойы Қуандыққа да, Бақытжанға да (Қуандықтың туысы) және барлық туыстарына қоңырау шалдым, ешкім жауап бермеді. Үйге барсам, жарық жанып тұрған жоқ. Пәтерді қағып едім, ешкім ашпады. Мен үшінші қабатқа, Бишімбаевтың ата-анасының пәтеріне түстім, онда да ешкім ашпады», - деді Айтбек Амангелді.

Осыдан кейін Айтбек полицияға қоңырау шалғанда олар болған оқиғаны растап, гастроорталыққа келуін өтінген. Гастроорталықта крминалистер жұмыс жүргізіп жатқан. Ал Бишімбаевты полиция алып кеткен.

__Последние новости

  • Басты назарда

Салтанатты жағдайда күтіп алды

Бүгін, 16:34
Админ
  • Басты назарда

Қортынды тексеріс

21/04/2025 - 17:17
  • Басты назарда

Көктемгі әскерге шақыру

21/04/2025 - 09:32
  • Басты назарда

Психологтар жиыны

20/04/2025 - 14:47
  • Басты назарда

Ерлікке тағзым етеміз!

20/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Қазақ халқының жауынгерлік қасиеті

18/04/2025 - 11:52
  • Басты назарда

Салтанатты түрде шығарып салды

18/04/2025 - 11:12
  • Басты назарда

Тактикалық-арнайы жаттығу

16/04/2025 - 09:14
  • Басты назарда

«Сардар» қалалық кешенді олимпиадасы

15/04/2025 - 16:01
  • Басты назарда

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15/04/2025 - 10:56
  • Басты назарда

«Жігіт сұлтаны» байқауы

14/04/2025 - 16:00
  • Басты назарда

127 сарбаз запасқа шықты

14/04/2025 - 15:13