Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек?

Цифрландыру қазақстандықтардың өміріне тез енді

Алаяқтардың әрекеттерінен сақтану шаралары туралы Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаментінің бастығы Әлжан Нұрбеков айтып берді. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Цифрландыру қазақстандықтардың өміріне тез енді. Бүгінгі таңда банктік, мемлекеттік және тұрмыстық қызметтердің кең ауқымына үйден шықпай-ақ бірнеше минут ішінде тапсырыс беруге және алуға болады. 

«Цифрландырудың сөзсіз артықшылықтары ыңғайлылықты, тиімділікті және ашықтықты қамтиды. Сонымен бірге, өкінішке қарай, киберқылмыс та қатарласа дамып келеді. Мысалы, жасанды интеллектің көмегімен адамның дауысын ғана емес, оның түр-келбетін де модельдеуге болады. Ол үшін телефон немесе бейне қоңырау арқылы дауыс пен бет бейнесін жазу жеткілікті.

Мәселен, өткен жылы барлық тіркелген алаяқтық істің жартысына жуығы ақпараттық жүйелердің көмегімен жасалған. Жалпы ел бойынша осы кезеңде интернет-алаяқтық 20 569-дан 21 777-ге дейін 6%-ға артқан.

Азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау үшін мемлекеттік органдар заңнаманы өзгерту шараларын қабылдап, банктердің қауіпсіздік жүйелеріне қойылатын талаптарды арттырып жатыр, ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларды қорғаудың жаңа құралдары енгізілуде», - дейді Әлжан Нұрбеков.

Бірақ соған қарамастан, азаматтар үшін интернет қызметтерін пайдалану кезінде сақ болуы маңызды. Өзіңізді және жақындарыңызды кибералаяқтардан қорғау үшін мына ұсыныстарды орындаңыз:

Бейтаныс адресаттардан электрондық поштадан сілтемелерді, SMS немесе әлеуметтік желілердегі хабарламаларды ашпаңыз; белгісіз абоненттік нөмірлерден, әсіресе танымал қосымшалар (WhatsApp,Telegramm және т.б.) арқылы келетін қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеңіз. Бұл әсіресе видео қоңырауларға қатысты; сауалнама немесе дауыс беру үшін мессенджердегі кез келген топқа сізді қосса, дереу одан шығып кетіңіз; ешқашан ешкімге құпия сөздер, логиндер, кодтар және басқа жеке деректерді (ЖСН, жеке куәлік, төлқұжат нөмірлері, төлем картасының деректемелері, оның ішінде картаның артқы жағындағы үш таңбалы код (CVV/CVC коды), карта нөмірі және оның жарамдылық мерзімі) бермеңіз; құрылғыларыңызға (смартфондар, ноутбуктер және т.б.) антивирустық бағдарламаларды орнатыңыз және осы құрылғылардың операциялық жүйелерін үнемі жаңартып отырыңыз; аккаунттарға екі сатылы қорғауды орнатыңыз; егер сіз онлайн сатып алуды жоспарласаңыз, операция туралы SMS немесе push- хабарландырулары қызметін қоса отырып, бөлек виртуалды (цифрлық) картаны тіркеңіз. Онлайн төлемдерге шектеу қойыңыз; сатып алуды жоспарлап отырған интернет-дүкендердің шынайлығын мұқият тексеріңіз. Тек ресми және тексерілген онлайн ресурстарға кіріңіз; жарнама бойынша сатып алу кезінде төлемді тауарды алғаннан кейін ғана жасаңыз; банк қызметкерлерінен немесе ұялы байланыс операторларынан қоңыраулар түскен кезде, сөйлесуді тоқтатып, ресми өкілдердің байланыс орталықтары арқылы алынған ақпараттың дұрыстығын нақтылаңыз; жалпыға ортақ Wi-Fi желісі бар орынның әкімшісінен IP мекенжайын нақтылаңыз және қосылым атауын тексеріңіз; бейтаныс сайттарға тіркелмес бұрын, мекенжайдың дұрыстығын тексеріңіз (ол https:/ден басталуы керек); жақын арада несие алуды жоспарламасаңыз, eGov мобильді қосымшасында немесе eGov.kz порталында несиелер мен шағын несиелер алуға тыйым салыңыз;   егер сіздің деректеріңіз алаяқтардың қолына түссе, дереу картаңызды бұғаттаңыз және аккаунттардың, электрондық поштаның және банктік қосымшалардың құпия сөздерін өзгертіңіз. Банк пен құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

«Бұл қауіпсіздік шараларының толық тізімі емес, өйткені алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын үнемі жетілдіріп отырады.

Сондықтан ресми БАҚ-тағы алаяқтық туралы жаңалықтарды қадағалаңыз, сонымен қатар алаяқтардың айлалары туралы егде жастағы туыстарыңызбен бөлісіңіз, себебі олар көбінесе қаскүнемдер үшін оңай нысанаға айналады», - дейді Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаментінің бастығы.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39