18 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

Ол кісі өлімі бойынша іздеуде болған

Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.

Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02