Тәжікстанның Қорғаныс министрі Астанаға келді

Екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының жай-күйі талқыланды

Астанаға Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның басшылығымен әскери делегация келді. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тәжікстан қорғаныс ведомствосының басшысы алдымен құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Тәжікстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Шерали Мирзоның кездесуі өтті.

Тараптар кеңейтілген форматта екі елдің әскери саладағы қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйін талқылады.

Сапар бағдарламасында делегацияның ҚР Ұлттық қорғаныс университетіне, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларындағы Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына баруы көзделген.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02