Павлодар облысында үш әкімге сөгіс берілді

Олар су тасқынының алдын алмағаны үшін жазаланды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірдегі қалалар мен аудандардың әкімдерімен су тасқыны бойынша жиналыс өткізді. Су тасқыны жағдайына ерекше назар аударылғанына қарамастан, бірқатар әкім бұл тапсырманы орындамаған және су тасқынына қарсы қажетті іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізбеген. Бұл туралы облыс әкімі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Бұған дейін осы мәселені талқылау барысында барлық әкімдерге қарды уақтылы шығару және тұрғын үйлерді су басып қалуына жол бермеу үшін жеке бастарымен жауапты екендерін ескерткен болатынмын», – деп жазды аймақ басшысы Асайын Байханов Instagram парақшасында.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 қауіпті учаске бақылауға алынып, 133 адам, 51 арнайы техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.

«Павлодар мен Тереңкөл аудандарының, сондай-ақ, Ақсу қаласы әкімдерінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп санаймын. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудегі бақылаудың әлсіздігі үшін оларға қатаң сөгіс жарияланды», – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша барлық су тасқынына қарсы іс-шаралар тәуліктік режимге ауыстырылды және сағат сайын ағымдағы жағдай туралы есеп беріледі.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52