Астанада көлік тұрағына жауапты компания мүгедектердің құқығын бұзып келген

Прокуратура мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғады

Астанада ақылы көлік тұрағына жауапты компания мүгедектердің құқығын бұзып келгені анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда әкімдігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС басқарушы компаниясына бере отырып, ақылы автомобиль тұрақтары үшін орындар белгіленген. Бұл ретте мұндай тұрақтарда мүгедектерге тіркелген көлік құралдарын тегін орналастыру көзделген.

«Көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту техникалық құралдардың («Күзет-М») көмегімен автоматты режимде жүзеге асырылып, мүгедектерді көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігінен айырғаны анықталды.

Айта кетерлігі, паркоматпен жабдықталған тұрақ үшін төлеуден жалтарған кезде 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған (ӘҚБтК 597-бабының 4-1-бөлігі). Нұра ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша аталған санаттағы 40 заңсыз әкімшілік материалдардың күші жойылды. Елордада тұратын мүгедектерге тіркелген автокөлік құралдарын анықтауға бағытталған жұмыс жүргізілді.

Халықтың арнаулы топтарының құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында Нұра ауданының прокуратурасы бала кезінен мүгедектерге және I, II топтағы мүгедектерге тіркелген 4 636 көлік құралын анықтап, «Жеңілдіктер тізіліміне» енгізді», – делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, аталған санаттағы азаматтар тиісті жол белгілерімен белгіленген орындарда тұрақ үшін ақы төлеуден, сондай-ақ оларға автоматты режимде әкімшілік айыппұл салудан   босатылды.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басым міндеті болып саналады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19