Қуандық Бишімбаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ

Оған өз әйелін қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін азаптап өлтірді деген айыппен кезекті рет келіспейтінін мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті.

«Мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде де, еш жерде де өз тарапымнан оқиғаға қатысты бірнәрсе айтуыма мүмкіндік болмады. Ал қазір прокурорлар оқығанның бәрі ойдан шығарылған, ешбір дәлелі жоқ. Сондықтан 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен оны мойындамаймын. Мен ерекше қатыгездікпен адамды қасақана өлтірмегенім туралы айтып отырмын. Жағдайды түсіндіретін мүмкіндігім болады деп үміттенемін», - деді Бишімбаев судьяның сұрақтарына жауап бере отырып.

Қуандық Бишімбаевқа мынандай айып тағылып отыр:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы «Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру», Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы «Азаптау», Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 14-бабының 2-бөлігі «Қауіпті қылмыстың қайталануы».

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде прокурорлар Салтанат Нүкеноваға келтірілген жарақаттардың тізімін оқып шықты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Бүгін, 10:18
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

Кеше, 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02