Абай облысында алимент төлеуден жалтарған әйел адам сотталды

Әйел адамның балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан

Абай облысының Үржар ауданында алимент төлемеген ана бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысының Үржар ауданында тұратын әйел балаларына алимент төлеуден жалтарып келген. Әйел әкімшілік жауапқа тартылып, заңды жаза тағайындалды. Үржар ауданы бойынша сот орындаушылар мұндай жаза алимент төлемей жүрген басқа борышкерлерге сабақ болатындығы жөнінде айтты.

Бүгінге дейін әйел адамның балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан.

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 44-бабы 1 бөлігімен жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған болатын. Бірақ әйел сот үкімін орындамаған.

«Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, тәрбие жұмыстары өткізілгеніне қарамастан азаматша қорытынды шығармаған. Сот жүктеген міндеттерді орындамай, қасақана алимент төлемеген және жұмысқа орналасқысы келмеген. Үржар аудандық сот шешімімен борышкер әйел сот залынан бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігіне бас бостандығынан айыру жазасына сотталды», – деп хабарлайды пробация қызметінің аға инспекторы Эльмира Мұхитанова.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19