Прокурорлар мұнай компанияларындағы заңсыз әрекеттерді анықтады

Бос жұмыс орындарын бөлу кезінде заңнама талаптары сақталмаған

Маңғыстау облысының прокуратурасы бос жұмыс орындарын бөлу және оларды ақпараттық порталда жариялау кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қадағалау нәтижелері көрсеткендей, жұмыс берушілер еңбек жағдайлары мен төлемдерді көрсете отырып, бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді жұмыспен қамту орталықтарына жіберу туралы талаптарды жиі сақтамайды.

Соңғы 2 жылда прокурорлық тексерулер мен талдаулардың нәтижелерімен жұмыс берушілердің (мұнай-газ саласының 30-ға жуық компаниясы) бос жұмыс орындары туралы хабарламаудың 1 мыңнан астам фактісі анықталды.

Прокуратура органдары осы фактілер бойынша «немқұрайлы жұмыс берушілерді» әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актілерін енгізді.

Әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодекстің 98-бабына сәйкес бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту орталығына жібермеу, уақтылы жібермеу әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

«Бұдан басқа, жұмыс берушілер еңбек шарттары туралы мәліметтерді бірыңғай есепке алу жүйесіне енгізу жөніндегі міндеттерді толық көлемде орындамайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерді заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауға және азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге шақырады», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Кеше, 16:23
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Кеше, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19