Экологиялық апат: еріген қар суы мұнаймен араласып, Сарысу өзеніне құйылуы мүмкін

Ұлытау облысында ауыл іргесіне мұнай қалдықтары төгіліп жатыр

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жұмажанов ауылының тұрғындары ауыл іргесіндегі төгілген мұнай қалдықтарынан зардап шегіп отыр. Бұл мәселені бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Аманжол Әлтаев көтеріп, Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Депутаттың айтуынша аталмыш елді мекеннен небәрі 500 метр жердегі мұнай қалдықтары төгілген полигонның залалын ескертіп, тұрғындар біраздан бері дабыл қағып келеді.

«Өкінішке қарай, қарапайым халықтың талап-тілегімен ешкім санасар емес. Ауыл халқының тынысын тарылтып, тамағын қырнаған мұнай қалдықтарының жағымсыз иісі тұрғындардың мұңына айналуда. Денсаулығына алаңдаған жұрттың жанайқайын СЭС мамандары да, экологтар да назарына ілмей келеді.

Ауа райының күрт жылынуы себебінен кеше сол мұнай қалдықтарын сақтайтын полигонды су басып кетті. Қар суымен араласқан зиянды мұнай қалдықтары Сарысу өзенінің арнасына құйылса, оның экологиялық залалы үлкен болмақ. Суда жүзген балықтың жүгірген аңның, жұттан қалған азын-аулақ малдың қырылуына себеп болуы мүмкін», - дейді Мәжіліс депутаты.

Осыған байланысты мынандай талап-тілектерін жолдады:

Дереу су ағып жатқан аумақта мұнай қалдықтары төгілуі дәлелдері анықталсын. Арнайы комиссия құрылып, сараптама жүргізілуі қажет. Ауыл тұрғындарының денсаулығына зиян келтіріп отырған іргедегі мұнай қалдықтары полигоны жабылсын. Тексеріс нәтижесінде заңбұзушылық анықталған жағдайда өндірістік мұнай тасымалдау мекемесіне қатаң шаралар қолданылсын. Республика бойынша мұнай қалдықтарын сақтау полигондарына экологиялық заңнамалардың сақталуына тексеріс жүргізілсін.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02