«Соғыс болмайды»: Зеленский қауіпсіздік саласындағы лауазымды қызметкерін жұмысынан босатты

Ол атышулы мәлімдемелерімен есте қалды

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Даниловты қызметінен босатты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы ретінде Алексей Данилов өзінің атышулы мәлімдемелерімен, сондай-ақ бұл органды президенттің жоспарларын жүзеге асырудың белсенді құралына айналдырғанымен есте қалды.

Атап айтқанда, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің көмегімен 2021 жылы қылмыстық авторитеттерге, контрабандашыларға, ресейшіл саясаткерлерге және олар бақылайтын БАҚ-қа қарсы мыңдаған санкциялар енгізілді. Бұдан кейін көптеген заңгерлер Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің заң тұрғысынан күмәнді қызметі туралы айта бастады.

2022 жылдың ақпанында Ресейдің басып кіруіне дейін Алексей Данилов Украина халқын «ешқандай соғыс болмайды» деп сендірді.

Ал соғыс басталғаннан кейін биліктің соғысқа шындап дайындалып жатқанын, бірақ нақты күнін білмегенін айтып ақталды.

«Біз елімізде не болатынын алдын ала білдік. Оның үстіне шабуылдың күні ақпанның 24-і емес, 22-сі болды. 22 ақпанда олар біздің елге қазіргідей форматта шабуыл жасауы керек еді», - деп атап өтті ол.

Айта кетерлігі, Зеленский Даниловтың орнына бұл лауазымға Александр Литвиненконы тағайындады, ол бұған дейін сыртқы барлау қызметінің төрағасы болған.

Ал сыртқы барлау қызметінің төрағасы қызметіне Олег Иващенко тағайындалды.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55