Билігін асыра пайдаланған: Ақтау гарнизонында взвод командирі жұмысынан босатылды

Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілді

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшілерге қатысты лауазымын пайдалана отырып, билігін асыра қолданған взвод командирі жұмысынан босатылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы тамыз айында Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде взвод командирінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты билікті асыра пайдалану оқиғасы орын алған болатын.

Аталған факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп, Ақтөбе гарнизоны әскери сотының шешімімен тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.

«Қазақстан Республикасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін әскери қызметші теріс себептермен ҚР Қарулы күштерінің қатарынан босатылады.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ортадағы жарғыға жат қатынастарды анықтап, олардың жолын кесу мәселелері Қарулы күштер басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтеміз. Олардың көріністерінің барлық нысандары бойынша құқықтық және тәртіптік шаралар қолданылады.

Қарулы күштерде мұндай құқық бұзушылық фактілері бірен-сараң ғана екенін айта кету керек. Бұл тұрғыда бірде-бір жағдай назардан тыс қалмайды. Тергеу іс-шаралары барысында қылмыстық қудалау органдарына толық көмек көрсетіледі», - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22