Онлайн несие беру: ережеге өзгерістер енгізіледі

Бұл интернет алаяқтықтың алдын алу үшін жасалып отыр

Қазақстанда онлайн-несиелер енді биометриялық сәйкестендіруден кейін берілетін болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредиттерді электрондық тәсілмен беру қағидаларына түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жоба 8 сәуірге дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Жобаға сәйкес микроқаржы ұйымы мен қарыз алушы арасында микрокредит беру туралы шарт жасасу, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу биометриялық сәйкестендіруді қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, клиенттің ұялы телефонының абоненттік нөмірі немесе банк шотының деректемелері (терминалдар арқылы микрокредиттер беруді қоспағанда) туралы деректерге өзгерістер енгізу үшін клиентті Жеке кабинетте тіркеу кезінде азаматтан биометриялық деректер қажет болады. Бұл ретте банк шотының немесе төлем картасының клиентке тиесілі екенін сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда ақша аудару жүзеге асырылмайды.

«Микрокредит беру туралы шарт жасасу, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым мен клиент арасында электрондық тәсілмен микрокредит беру туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу СДАО қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді қолдана отырып немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып, жүзеге асырылады», - делінген жобада.

Биометриялық идентификаттау кезінде клиенттің қайталанбайтын бақылау қимыл-қозғалыстарын орындау тізбектілігін биометриялық идентификаттау барысында тексеру арқылы клиенттің биометриялық деректерін қолдан жасау үшін статикалық сурет немесе бейнежазбаны қолданудан қорғау қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ түзетулер клиентті биометриялық сәйкестендіру барысында алынған деректерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша МҚҰ-ға қойылатын талаптарды белгілейді.

Әзірлеушілердің пікірінше, ұсынылған шаралар микрокредиттерді электронды түрде беру қауіпсіздігінің талаптарын күшейтеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30