Тимур Турлов футболдан Қазақстан құрамасына 100 млн теңге сыйақы төлейді

Сыйақы Ұлттар Лигасының плей-офф жартылай финалдық матчында Грекия командасын жеңген жағдайда беріледі

Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры, Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің мүшесі Тимур Турлов Ұлттар Лигасының плей-офф жартылай финалдық матчында Грекия командасын жеңген жағдайда футболдан Қазақстан құрамасына 100 млн теңге төлейді. Сыйақы капитанның қалауы бойынша команданың пайдасына беріледі, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Шешуші матч Афинада 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні өтеді. Кездесудің жеңімпазы Грузия мен Люксембург арасындағы ойын қорытындысы бойынша үздік құрамамен ойнайтын түйіспе ойындарының финалына шығады.

«Футболдан Еуропа чемпионатына жолдама ешқашан жақын болған емес. Бұл – қазақстандық футбол үшін және жалпы ел үшін маңызды сәт. Біздің көз алдымызда ұлттық құрама тарихты жасайды. Сондықтан қазір спортшыларымызды қолдау бұрынғыдан да маңызды. Олар үлкен жол мен жұмыс жасады, бірақ алда Еуро-2024 іріктеу шеңберіндегі ең маңызды ойын бар. Жүлделер командаға қосымша мотивация береді, сондай-ақ баршамызды Қазақстан командасына бірге қолдау көрсетуге шақырады деп сенемін!» - деді Тимур Турлов.

2022 жылы Тимур Турлов Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің құрамына кірген болатын.

Қазақстан құрамасы шешуші матчта Словения құрамасынан жеңіліп, топта үшінші орын алып, Еуропа чемпионатына тікелей қатыса алмады. Ұлттық команда Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңі арқылы құрлықтық біріншіліктің соңғы бөлігіне шығу мүмкіндігін сақтайды. Ол үшін Грекия құрамасын және Грузия-Люксембург матчының жеңімпазын жеңу керек.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02