Әскери қызметшілердің 80-нен аса баласы демалыс орындарына жіберілді

Демалыс үш аптаға созылады

«Балдәурен» орталығының филиалдарына әскери қызметшілердің 80-нен аса баласы демалуға жіберілді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл бұл балалар арналған екінші маусым. Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің бірлескен жоспарының арқасында оқушылардың мағыналы, белсенді демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыруға мүмкіндік туып отыр.

Ақмола облысының Щучинск қаласына елордалық әскери қызметшілердің балалары автокөлікпен жетті. Приозерск қаласында тұратын оқушылар Қарағанды облысы Балқаш қаласындағы «Балдәурен» орталығының филиалына келді. Жамбыл облысынан Түркістан қаласына Түрксіб станциясынан теміржол арқылы және Шымкент қаласынан автокөлік жолымен барды.

Ақтөбе және Атырау қалаларынан келген әскери қызметшілердің балалары алдымен Алматыға әскери-көліктік авиация ұшағымен, содан кейін автобуспен Қонаевқа жеткізілді. Мұнда Қапшағай су қоймасының жағасындағы курорттық аймақта «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы орналасқан.

– Оқу-ағарту министрлігімен уағдаластығымыз жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Қазірдің өзінде біз бірлескен жоспарды жүзеге асыруға кірісіп кеттік. Қонаев гарнизонында үш сынып құрылды. Олар әскери істің негіздерін үйренуге қажетті жабдықтармен жасақталған. «Балдәурен» орталығының тәрбиеленушілерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарымен айналысатын АӘД оқытушыларының қосымша лауазымдарын енгіземіз, – деді ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Арман Асенов.

Қонаев гарнизонында балаларға түрлі тақырыптарда сабақтар өткізу үшін әскери бөлімдерге бару жоспарланған. Оқушылар саперлер, десантшылар қызметінің ерекшеліктерімен танысады. Одан өзге оларға әскери техника мен қару-жарақ, әскери қызметшілердің жабдықтары көрсетіледі. 

Таңертең «Балдәурен» орталығында мектеп бағдарламасының пәндерінен сабақтар өткізіледі. Бұл үшін филиалдарда барлық қажетті оқулықтар бар. Түстен кейін сауықтыру, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Демалу уақыты – үш апта.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55