Қазақстан мен Қытай қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсетеді

ҚР Әділет министрі Мәжіліс отырысында Қазақстан мен ҚХР арасындағы шартқа өзгерістер енгізуді ұсынды

Мәжіліс 1993 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан мен Қытай арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Хаттамамен Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік соттардың шешімдері мен өтініштерін орындау саласында құқықтық көмек көрсету жөніндегі сот органдарының функцияларын нақтылау бойынша Шарттың 2-бабына өзгеріс енгізіледі. Хаттамамен мынадай орталық мекемелер айқындалған: Қазақстан тарапынан - Жоғарғы Сот, Бас прокуратура және Әділет министрлігі; Қытай тарапынан – Әділет министрлігі, Жоғарғы халық прокуратурасы және Жоғарғы Халық Соты. Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 27-бабының 4-тармағына сәйкес ратификациялануға жатады. Хаттаманы ратификациялау Қазақстан мен Қытай азаматтарының құқықтарын қорғауға бағытталған Азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады», - деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Мәжіліс отырысындағы баяндамасында.

Министрдің сөзінше, заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30