Қаңтар оқиғасы: Алматыда ұсталғандарды азаптаған полицейлер сотталды

Үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды

Алматыда полиция қызметкерлері қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптағаны үшін сотталды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды (ҚК-нің 146-бабы).

«Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді. Прокурорлар 2022 жылғы 9 қаңтарда Алмалы аудандық полиция басқармасында жеткізілген 3 азаматқа қатысты кінәлі полицейлер азаптау қолданғанын дәлелдеді. Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде үш жәбірленушілерге тән азаптары келтірілген.

Соттың үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, аталған адамдар сот залында қамауға алынды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52