Еуропа Одағы еврей қоныстанушыларына санкция салатын болды

Осыған дейін санкцияны АҚШ пен Ұлыбритания мақұлдаған

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтарға жасалған шабуылға қатысқан еврей қоныстанушыларына санкциялар салатын болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Иорданияның батыс жағалауындағы елді мекендер халықаралық құқық бойынша заңсыз және тұрақты бейбітшілікке жетудегі басты кедергі болып саналады.

Бұл шешім ЕО-ға мүше 27 елдің израильдік қоныстанушыларға санкциялар салуға келісім берген алғашқы жағдай болды. Осыған дейін оларды АҚШ пен Ұлыбритания мақұлдаған.

«Жұмыс деңгейінде ымыраға қолжеткізілді және жақын арада толықтай қабылданады деп үміттенемін, бірақ саяси келісім бар», - деді Брюссельдегі министрлер кездесуінен кейін ЕО сыртқы саясат басшысы Хосеп Баррель.

Дипломаттар санкцияға қатысты Венгрия ерекше қатаң ұстанымды ұстанғанын хабарлады. Алайда, кейінірек ойын өзгертті. Бұрын санкциялар туралы ұсыныстарды бұғаттаған елдер енді өз ұстанымдарын өзгерту туралы шешім қабылдады, деді Хосеп Баррель. Олардың қатарында Германия, Чехия және Австрия бар. Олардың шешіміне Израиль армиясының операциясы нәтижесінде Газа секторындағы жағдай әсер етті.

Саяси келісімді ЕО елдерінің Брюссельдегі елшілері әлі де бекітуі керек. Осыдан кейін ғана «қара тізімге» енген қоныстанушылардың жеке басы белгілі болады.

Айта кетейік, Еуроодақ ХАМАС-қа қатысты экономикалық санкцияның қосымша пакетін мақұлдады, ол бірінші болып күшіне енеді. Ары қарай, шектеулер қоныстанушыларға қатысты қолданыла бастайды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19