Қазақстандық бітімгерлер Таяу Шығыстағы миссиясына кірісіп кетті

Олар Ирландияның бітімгерлік контингентінің базасын, істері мен міндеттерін қабылдауда

Ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілері БҰҰ миссиясындағы жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл алгоритмімен және базаның инфрақұрылымымен танысып қана қоймай, күнделікті қызметке кірісіп те кетті. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық бітімгерлер Ирландияның бітімгерлік контингентінің базасын, істері мен міндеттерін қабылдауда. Алдыңғылары біздің әскери қызметшілерімізге миссия штабы орналасқан Фауар базасы бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді. Дәл осы жерден миссияның барлық компоненттері басқарылады.

– Біздің бөлімше миссия қолбасшысының резерві болып саналады. Ол құраманы түрлі міндеттерді, оның ішінде дағдарыс сәттерін орындау үшін жұмылдыра алады, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға офицері подполковник Ілияс Мұстафин.

Ирландиялық әскери қызметшілер жедел әрекет ету күштерінің іс-қимыл тәртібі, функцияларды бөлу бойынша сабақтар өткізді, Голан жоталарындағы жауапкершілік аймақтары мен мұнда атқарылатын қызмет ерекшеліктерімен таныстырды.

Күнделікті қызмет шеңберінде әскери қызметшілер әскери техникаға қызмет көрсетумен және бронды дөңгелекті машиналарға жауынгерлік модульдерді орнатумен, тұрмысты жайластырумен, міндеттерді орындауға дайындықпен айналысады.

– Ауыз сумен, азық-түлікпен, жанар-жағармаймен және т.б. қамтамасыз ету үдерісімен танысу жүріп жатыр, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығы бастығының орынбасары подполковник Рустам Жанжүменов. – Мұның бәрі миссияның түрлі компоненттері деуге болады.

Бұдан басқа, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесі машиналарға жөндеу жүргізетін тұрақ-гараж жабдықтарын, қолда бар қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған арнайы контейнерлерді орнатумен айналысады.

Айта кеткен жөн, «БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау жөніндегі күштері» миссиясының құрамында әлемнің 12 елінен 1500 әскери қызметші қызмет атқарады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02