Алматыда 20 жастағы тұрғыннан ондаған бума есірткі табылды

Сараптама нәтижесінде мефедрон есірткісі екені анықталды

Алматы полициясы 20 жастағы тұрғыннан «синтетика» тәркіледі. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция Түркістан облысының 20 жастағы тұрғынынан мефедронның ірі партиясын тәркіледі. Есірткі сатушысын ұстау іс-шарасын Буран-050 патрульдік экипажаның көмегімен есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізді. Күдікті Toyota Camry көлігімен жолаушы ретінде жүрген.

«Жеке тінту кезінде күдіктіден құрамында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ заты бар 25 бума тәркіленді. Ал көліктің ішіндегі орындық астынан осыған ұқсас 44 байлам табылды және тәркіленді. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама жүргізіліп, оның нәтижесінде бұның мефедрон есірткі заты екендігі анықталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02