Әскерге барғандарға білім грантын беру: бастама Парламентте мақұлданды

Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады

Қорғаныс министрлігінің армияда қызмет еткен азаматтарға білім алуға жеңілдіктер беруге бағытталған бастамасы Парламентте мақұлданды. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте депутаттық корпуспен, мемлекеттік органдардың, күш құрылымдары мен жоғары оқу орындарының басшылығымен жүйелі, қажырлы жұмыс жүргізілді.

Қорғаныс ведомствосының сарбаздарға квота бөлу жөніндегі бұрынғы жобасын іске асыру жоғары оқу орындарымен оларды оқу орны есебінен оқыту туралы қол жеткізілген уағдаластықтарға негізделгенін айта кетейік. Енді әскерде қызмет еткен азаматтарға берілетін жеңілдіктер заң жүзінде бекітілгеннен кейін оларды оқыту мемлекет есебінен жүзеге асырылатын болады.

«Жыл сайын 35 мыңнан астам қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылады. Министрліктің бұл жобасы оларға кәсіби мансабын сәтті бастауға негіз бола алады. Аталмыш заңнамалық жаңалықтар «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» (50-1-бап) және «Білім беру туралы» (26-бап) – екі заңның нормаларына қатысты.

Өзгерістер мен толықтырулар әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтардың кепілдіктерін айқындайды. Әскери борышын аяқтаған күннен бастап бір жыл ішінде олар жоғары әскери, арнаулы оқу орындарына, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ҰБТ және емтихан нәтижелерінсіз тегін оқуға түсуге құқылы.

Медициналық, фармацевтикалық және педагогикалық білім беру бағдарламаларынан басқа азаматтық жоғары оқу орындарға қабылдау еліміздің заңнамасында белгіленген квоталар шегінде жүзеге асырылады.

Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, үздік деп танылғандар, тәртіпті әскери қызметшілер тегін оқу құқығына ие болады. Үміткерлердің үлгерімі мен жетістіктері туралы барлық деректер Қорғаныс министрлігінің сайтында орналастырылған «Срочники 2.0» цифрлық платформасында тіркеледі. Жоғары оқу орындарына жеңілдікті шарттармен оқу үшін орындар бөлуді жылына екі рет Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған комиссия жүргізеді», - делінген министрлік хабарламасында.

Жоғары оқу орындарына ҰБТ және емтихан нәтижелерінсіз ақылы негізде түсемін деп шешім қабылдаған азаматтар бұл құқықты мерзімді борышын аяқтаған күннен бастап екі жыл ішінде пайдалана алады.

Жоғары оқу орнына түскен бірінші жылы Отан алдындағы борышын өтегендерге жатақханадан орын беріледі. Бұл да оларға берілетін қосымша елеулі жеңілдік болмақ.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30