Балқашта сүйіктісімен ренжісіп қалған бойжеткен 9-қабаттан секірмек болды

Полицейлер бойжеткенді құтқарып қалды

Балқашта полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

13 наурыз күні сағат 19:30 шамасында Балқаш қалалық полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйдің шатырынан бір қыз секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама түсті. Аталған ақпарат бірден патрульдік полиция жасағына берілді.

Оқиға орнына бірден сол маңға жақын жерде қызмет атқарып жүрген инспекторлар Ұлан Несіпбай мен Танат Берікұлы барды.

«Өзімізге берілген аумақта қызмет атқарып жүргенімізде кезекші бөлімнен оқиға бойынша хабарлама алдық. Тез арада аталған мекенжайға келдік. 9 қабатты үйдің шатырының шетінде отырған қыз баланы көрдік. Дәлізге кіріп, бірден жоғарыға көтерілдік. 9-қабатқа көтерілгенімізде шатырға шығатын есік ашық болды. Әріптесіміз екеуіміз екі жақтан білдіртпей барып, ойға шомылып отырған қызды бірден өзімізге қарай тартып алдық. Кейін оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырдық. Әрі қарай біз қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға кеттік», – деді Ұлан Неспібай.

Құтқарылған 21 жастағы бойжеткен осыдан үш күн бұрын өзге өңірге жұмысқа кеткен жігітімен телефон арқылы ұрсысып қалған. Осы ұрыстан кейін жігіт бойжеткенмен байланысқа шықпаған. Осыған қатты күйзелген қыз 9 қабатты үйдің төбесіне шығып, онда оны тәртіп сақшылары құтқарып қалғанша отырғаны белгілі болды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30