Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі: құрылу тарихы, қазіргі жағдайы, даму жолы

Бүгін – Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің маманы күні

1999 жылғы 15 наурызда «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Қарулы күштері Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің маманы күні осыған тұспа-тұс келеді. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің қалыптасуы еліміздің Қарулы күштерінің дамуымен қатар жүрді. Бұл құрылым әскерлерді, күштер мен қаруларды басқаруды жетілдіруге қатыса отырып, мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамытты.

Әр кезеңде бұл саланы полковниктер А.Н. Киреев, М.А. Коршиков, М.Н. Минникаев, Р.А. Медетбеков, С.А. Дутов, Қ.Б. Қожахметов және И.Б. Бисембаевтар басқарды. Қазіргі таңда құрылымға полковник Т.А. Садвокасов басшылық жасайды.

«Бүгінде мемлекет дамуының маңызды факторы болып саналатын ақпараттық технологиялар әскери салаға да белсенді енгізіліп жатыр. Сонымен бірге шетелдік барлау қызметтері мен басқа да деструктивті күштер құпия мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін күшейтуде. Осыны ескере отырып, бұл сала мамандарының міндеттері едәуір кеңейді, қызмет көрсету шарттары мен киберқауіптердің алдын алу тәсілдері өзгерді. Тұтастай алғанда, қызметті дамыту ақпаратты қорғаудың тікелей интеграцияланған жүйесін жетілдіруге бағытталды.

Қызмет бөлімшелері арнайы байланыстың заманауи техникасымен және қосалқы аппаратурамен, ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарымен, Қарулы күштердің ақпараттық ресурстарына компьютерлік шабуылдарды анықтау және алдын алу құралдарымен жарақтандырылған. Желілер мен жүйелерге тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп тұрады.

Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметіне білікті кадрларды дайындау Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты (бакалавриат) мен Ұлттық қорғаныс университетінде (магистратура) жүзеге асырылады. Біліктілікті арттыру аясында кибер мамандарды оқыту АҚШ, Қытай, Түркия, Үндістан, Германия және басқа елдерде де ұйымдастырылған», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19