ШҚО-дан 800-ден аса адам әскери қызметке шақырылады

Өңірде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Шығыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Сатбалдиев көктемгі мерзімді қызметке шақыру басталғаны, ол 1 наурыздан 30 маусымға дейін жалғасатыны туралы айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz Алтай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстаннан көктемгі әскери қызметке 800-ден астам адамды шақыру жоспарланған.

«Қарулы Күштерге 400-ден астам адам қызмет етуге барса, шекара әскерлері мен ҰҚК-ға - 100 адам, ҚР Ішкі істер Ұлттық гвардиясына - 250 адам, ТЖД-ға - 30-дан астам адам, ал қалғандары мемлекеттік күзетке барады», - деді Жасұлан Сатбалдиев.

Жалпы, көктемгі-күзгі шақырылымға облыстың 1600 азаматын шақыру жоспарланған.

Сонымен қатар баспасөз конференциясы барысында спикер әскерге шақырылушылар мерзімді қызметтің орнына әскери ЖОО-да оқуды таңдай алатынын атап өтті.

«Әскери оқу орындарында оқитын жастар мерзімді әскери қызметтен босатылады. Оқуға түспеген жағдайда жалпы негіздерде шақырылады. Әскери оқу орнына түсу үшін барлық ниет білдірушілер әскери есепте тұрған жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына тиісті өтінішпен жүгінеді, жеке істі қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды жинап, медициналық комиссиядан өтеді және ҰБТ-ға қатысады. Содан кейін жастар тиісті бағыттар бойынша байқауға қатысу үшін әскери ЖОО-ға келеді», - деп толықтырды Жасұлан Сатбалдиев.

Сонымен қатар спикер мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Ерен туған ер Мәлік» атты патриоттық кеш

Бүгін, 16:25
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Кеше, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19