Кальян шегу: жауапкершілік күшейіп, айыппұл мөлшері артатын болды

Қазір тиісті нормалар пысықталып жатыр

Елімізде кальяны бар мейрамханаларға жаза күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазір кальянды мейрамханалар мен түрлі барларда ұсынып жатқанын білеміз. Бұл ретте, Мәжіліс депутаттарымен бірлесе тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айппұл сомасын көтеру ескеріліп отыр. Сонымен қатар, жаңа нормалар енгізілмек. Яғни, қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Алайда рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында өткізетін кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз», - деді Г.Сәрсенбаева Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ол өз сөзінде бұл тұрғыда жаңа нормалар аясында айппұл сомасы артып, кәсіпкерлердің жауапкершілігі күшейтілетінін айтты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52