Алқабилер соты деген не және ол қалай жұмыс істейді?

Ережеге сәйкес, 25 пен 65 жас аралығындағы Қазақстанның кез келген азаматы алқаби бола алады

Сейсенбіде Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайтыны белгілі болды. Қазақстанда алқабилер соты қалай жұмыс істейді? Толығырақ Sarbaz.kz порталында.

Қазақстандағы алқабилер соты 2007 жылы іске қосылды. Содан бері еліміздің азаматтары сот жүйесінің жұмысына жеке қатысуға және сот істері бойынша ақтау немесе айыптау үкімдерін шығаруға мүмкіндік алды.

Алқабилер алқасына 10 судья кіреді, оларды бір кәсіби судья басқарады. Кандидаттардың тізімдерін атқарушы органдар қалыптастырады, әр өңірде алқабилер рөліне лайықты азаматтардың тізімдері құрылады. Бұл деректер соттарға жіберіледі, ал онда өз кезегінде 200-300 адам таңдалады. Алқабилерге кандидаттардың жыл сайынғы бастапқы тізімдерінің дереккөзі сот өтетін жерде тұрақты тұратын сайлаушылардың тізімдері болып саналады.

Кім алқаби бола алады?

Ережеге сәйкес, 25 пен 65 жас аралығындағы Қазақстанның кез келген азаматы алқаби бола алады. Бірақ бірнеше талапқа сай болуы керек.

Қандай жағдайларда сіз алқаби бола алмайсыз:

егер тізім жасау кезінде 25 жасқа толмаған болсаңыз; өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған; егер сіз психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулар), соның ішінде заттарды қолданумен байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте болсаңыз.

Кеңесу бөлмесінде алқабилер жасырын дауыс беру арқылы үш негізгі сұраққа жауап беруі керек:

Іс-әрекеттің болғаны дәлелденген бе? Бұл жағдайда олар тек бір сөзбен жауап беруі керек – «иә» немесе «жоқ» яки «иә, дәлелденген», «жоқ, дәлелденбеген». Олар жауаптарының себептерін түсіндірмеуі керек. Олар басқа нұсқаларды ұсынбауы керек. Бұл әрекетті сотталушының жасағаны дәлелденді ме? Жауап «иә, дәлелденген» немесе «жоқ, дәлелденбеген» болуы керек. Алқабилер бұл сұраққа алғашқы сауалға оң жауап берген жағдайда ғана жауап береді. Сотталушы бұл әрекетке кінәлі ме? Егер алғашқы екеуіне оң жауап берсе, алқабилер бұл сұраққа жауап береді.

Алқабилер сұрақтарға жауаптарды бос қағазға жазып, дауыс беру жәшігіне түсіреді. Дауыс беру нәтижелері судья мен алқабилер қол қоятын сауалнама парағына енгізіледі. Сауалнама парағы іс материалдарына қоса тіркеледі.

Барлық үш сұраққа оң жауап болған жағдайда ғана кінәлі деп танылған адамды жазалау туралы мәселе шешілетін болады. Жазаға қарай шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Қабылданған шешімді судья үкім нысанында баяндайды. Үкімде алқабилердің тегі көрсетілмейді.Судья үкімге қол қойғаннан кейін алқабилер мен судья сот залына оралады және судья үкім шығарады. Үкім жарияланғаннан кейін алқабидің өкілеттігі тоқтатылады.

Алқабилердің қандай құқығы бар:

Істің мән-жайларын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға; төрағалық етуші арқылы процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға; заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеруге, жергілікті жерді және үй-жайларды тексеруге, сот тергеуіндегі барлық басқа әрекеттерге қатысуға; төрағалық етушіге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын түсіндіру үшін және ол үшін іске қатысты басқа да түсініксіз мәселелер бойынша жүгінуге; сот отырысы кезінде жазбаша жазбалар жасауға.

Алқабидің не істеуге құқығы жоқ?

Істі тыңдау кезінде сот залынан шығуға; істі тыңдау кезінде төрағалық етушінің рұқсатынсыз сот құрамына кірмейтін адамдармен байланысқа түсуге; істі сот отырысынан тыс талқылау барысында мәліметтер жинауға; оның жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға.

Алқабидің міндеттерді орындамауы, сондай-ақ осы бапта көзделген шектеулерді сақтамауы заңда белгіленген жауаптылыққа, сондай-ақ төрағалық етушінің алқабиді істі қарауға одан әрі қатысудан шеттету мүмкіндігіне әкеп соғады.

Алқа билер шығарылуы мүмкін бе?

Азаматтың өзі оны алқабилер тізімінен шығаруды сұрауы мүмкін. Ол үшін жазбаша өтініш жазып, оған дәлелді себеп көрсету керек. Мысалы, денсаулық жағдайы немесе істі қарайтын тілді білмеуі.

Алқабилердің жұмысы қалай төленеді?

Алқабилерге ақы төлеу республикалық бюджеттен аудандық судьяның жалақысының 50% мөлшерінде жүргізіледі.

Алқабилердің үкімін жоюға бола ма?

Кейбір жағдайда алқабилер сотының шешімі жойылуы мүмкін. Мысалы, егер судья өзінің өмірбаянынан оның міндеттерін орындауға кедергі келтіретін кейбір деректі жасырса.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39