Мемлекеттік сатып алу: бюджет қаражатын жымқырғандар бірнеше жылға сотталды

Қабылданған шаралармен мемлекет кірісіне 10 млрд теңге өндірілді

ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында жүргізілген тексерудің қорытындысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, ел бюджетінің төрттен бірінен астамы жұмсалатын мемлекеттік сатып алу саласы тұрақты мониторингке ұшырайды. Ол үшін жаңа тәсілдер әзірленіп, ақпараттық-аналитикалық жүйелер белсенді қолданылады.

2023 жылы жоспарлаудан бастап тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға дейінгі кезеңдерде барлығы 2,5 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Олар бойынша 1,4 мың қадағалау актісі енгізілді. Қабылданған шаралармен мемлекет кірісіне 10 млрд теңге өндірілді.

Мысалы, Жамбыл облысының Тараз қаласында жылу магистралін реконструкциялау конкурсы бойынша әлеуетті өнім берушілерге негізсіз талаптар белгіленгені анықталды.

Ақмола облысында жекелеген аудандық әкімдіктер жобалық сметалық құжаттаманы әзірлемей блоктық-модульдік қазандықтарды сатып алуға ниетті.

Заңсыз конкурстардың күші жойылып, заңнама талаптарына сәйкес өткізілді.

«Осы облыста арнайы прокурорлар «Жайлау Сити» тұрғын үй құрылыс кооперативі және «Құрылтай» көппәтерлі тұрғын үй кешенін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.

30.10.2023ж. Целиноград ауданы Құрылыс бөлімінің басшысы С. және «Еңбек-Аршалы» ШЖҚ РМК директоры А. 7 және 8 жылға тиісінше бас бостандығынан айырылды, «Астана ЭлектроСтройКомплект» ЖШС директоры С. – 7жылға шартты түрде сотталды.

Аталған салада жүйелі проблемаларды анықтау мақсатында өткен жылдың соңында Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдарда тексерулер жүргізілді», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын екіұшты қолдану, ішкі мемлекеттік аудит органдарының актілеріне қарсылықтарды ұзақ қарау және басқа да бұзушылықтар фактілері анықталды.

Қорытынды бойынша Үкіметке ұсыныс енгізілді.

«Қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру жолымен іс-шаралар көзделген Жол картасы әзірленді.

Сонымен қатар, Бас прокуратура «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды және оған қатысты заңға тәуелді актілерді әзірлеуге атсалысады.

Мемлекеттік қаражатты жұмсаудың заңдылығын қамтамасыз ету саласындағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда», - дейді жауапты ведомство.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22