Шымкентте алимент төлеуден жалтарған борышкер сотталды

Оның алимент берешегі 5,4 миллион теңгеден асып, балалары іс жүзінде күнкөріссіз қалған

Сот үкімімен кәмелетке толмаған ұлы мен қызын асырау үшін алимент төлеу міндетін орындамаған борышкер сот үкімімен 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі қылмыстық жазаға тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайдын.

Ведомствоның дерегі бойынша, оның алимент берешегі 5,4 миллион теңгеден асып, балалары іс жүзінде күнкөріссіз қалған.

Прокуратураның актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) қылмыстық іс қозғап, сотқа жіберді.

«Сонымен қатар өткен кезеңде прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 47 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 борышкерге қатысты үкімдер шығарылды, жазалар тағайындалды, 52 млн теңгеге алимент берешегі өндірілді.

Қала прокуратурасы алимент төлемегені үшін әкімшілік және 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауптылық қарастырылғанын ескертеді.

Балаларға қамқорлық жасау – ата-ананың етене міндеті!» – делінген хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02