Атырауда мектептер 353 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

129 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп тексерілді

Бас прокуратураның тапсырмасы негізінде барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында 1200-ден астам бұзушылық (қауіпсіздік, құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім беру сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, өрт қауіпсіздігі және т.б.) фактілері анықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz өңірлік прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, мектептерге кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 3 адам жұмысқа орналастырылған.

Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу фактілерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды (кәмелетке толмағандар жасаған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау).

16 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепте тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу фактілері анықталды. Қазіргі уақытта осы сайттарға қолжетімділік шектеліп, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (білім беру ұйымдарының Интернет желісіне білім алушылардың қолжеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы).

«Барлығы 129 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп тексерумен қамтылып, нәтижелері бойынша заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 91 ұсыныс енгізілді, 108 заңды және 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 1 адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, осыған ұқсас фактілер бойынша тағы 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 353 млн теңге сомасына негізсіз жоспарланған мемлекеттік сатып алу тоқтатылды.

Осы бағыттағы тексерулер жалғасуда. Прокурорлар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22