Экстремизмнің алдын алу: Қазақстанда бір жылда 100-ден аса адам ұсталды

41 адам терроризмді насихаттаумен немесе оған шақырумен жария түрде айналысқан

2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыс жасаған 122 адам анықталып, сотқа жіберілді, бір жыл бұрын 124 адам (1,6% азайған) болған. Оның ішінде 99 адам – орта және арнаулы орта білімді, 19 адам – жоғары білімді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу мәліметінше, анықталғандардың үштен бір бөлігі – 41 адам – терроризмді насихаттаумен немесе терроризм актісін жасауға жария шақырумен айналысқан.

Сондай-ақ осы салада жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың қатарында қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру және оларға қатысу (24 адам, 60% көбейген) және әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық қоздыру (23 адам, 76,9% көбейген) мәселесі анықталды.

«Сотқа берілгендер арасында 30-39 жас аралығындағы 44 адам, 40-49 жас аралығындағы 38 адам, 50-59 жас аралығындағы 15 адам бар. 60 жастан асқан 6 адам, кәмелетке толмаған 3 адам, 18-20 жас аралығындағы 4 адам, 21-29 жас аралығындағы 12 адам бар.

Былтыр он екі айда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде экстремизм мен терроризмге қатысты 208 қылмыс тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% көп.

Саладағы ең көп таралған қылмыс әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру: 84 құқық бұзушылық, бір жылда айтарлықтай 82,6% көбейген. Одан әрі терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру, сондай-ақ олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімінен кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу», - делінген зерттеу материалында.

Өңірлер бойынша экстремизм мен терроризмге қатысты ең көп қылмыс елордада тіркелді: 50 жағдай – бір жыл бұрынғыдан 28,2% көп.

Сондай-ақ Алматы (21 жағдай), Солтүстік Қазақстан (16 жағдай), Атырау (14 жағдай) және Жамбыл (13 жағдай) облыстары да аз емес.

Құқық қорғау органдары 153 экстремистік материалды тәркіледі, бір жыл бұрын 302 материал тәркіленген. Көбіне мұндай материалдар кітаптар (96 дана) және парақшалар (42 дана) болды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Бүгін, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33